Мұхит астындағы жаңа тектоникалық жарық тіркелді, ол болашақта жойқын жер сілкіністері мен цунамидің көзі болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.
Nature Geoscience журналында жарияланған зерттеу мәліметінше, Атлант мұхиты сейсмикалық тұрғыда тыныш аймақ саналғанымен, ірі жарықтардан алыс орналасқан Португалияда бірнеше рет жойқын жер сілкіністері тіркелген. Осыған байланысты ғалымдар бұл өңірлердегі жоғары сейсмикалық белсенділіктің себептерін зерттеуге шешім қабылдаған.
Материалда 1969 жылғы Португалиядағы жер сілкінісінің мұхит литосфералық плиталардың қозғалысына тән белгілері болғаны айтылғанымен, ғалымдар бұл аймақта плиталар тоғыспайтынын нақтылады. Жақында жүргізілген зерттеу кезінде Португалияның оңтүстік-батысында мантияның қабатталуының белгілері анықталды.
Сол арқылы миллиондаған жылдар бойы су тау жыныстарына еніп, оларды біртіндеп әлсіреткен. Бұл Атлант мұхитында жаңа субдукция аймағының қалыптасуына әкелді, ал ол болашақта қуатты жер сілкіністеріне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ литосфералық плиталардың қозғалысы нәтижесінде Африка, Еуропа және Америка біртұтас суперконтинентке бірігуі ықтимал екені белгілі болды.
Еске салайық, 27 тамызда Каспий теңізі жағалауында жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Дагестан аумағында орналасқан. Жерасты дүмпулерін Ақтау тұрғындары да сезген. Маңғыстау облысы ТЖД дерегінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түспеген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек