Жақсы ұйқы үшін қолайлы ауа температурасы маңызды. Ғалымдар бұл үшін бөлмеге қандай температура қажет екенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі АҚШ-тың Ұлттық ұйқы қорына сілтеме жасап.
Қор мәліметінше, адам 15-тен 19 градус температурасында жақсы ұйықтай алады. Алайда, жаңа зерттеу нәтижесіне сәйкес, мұндай жағдай барлығына бірдей сәйкес келмейді.
Science of the Total Environment журналында жарияланған ғылыми мақала ақпаратына сүйенсек, 65 жастан асқан егде жастағы адамдар 20-дан 25 градусқа дейінгі жылы температурада жақсы ұйықтайды екен.
Сонымен қатар, ғалымдар түнгі тыныш ұйқы үшін тамаша температура әртүрлі болатынын және адамның жеке қалауы ғана анықтаушы фактор бола алатынын атап өтті. Әркім өзінің ұйықтауға қолайлы температурасын анықтау үшін мамандар шамамен 20 градус температурадан бастап тексеруді ұсынды.
Айта кетейік, бұған дейін жақсы ұйықтауға көмектесетін қарапайым 3 жаттығу туралы хабарланған еді. Мариинск ауруханасының жаттығу залының нұсқаушысы Илья Тарасов ұйқыны жақсартуға және тез ұйықтауға көмектесетін қарапайым, бірақ тиімді жаттығуды көрсетті.
Жаттығуды ұйықтар алдында тікелей төсекте жатып жасауға болады. Маман табыстың кілті - орындалудың жүйелілігі екенін ұмытпауға кеңес берді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ипотеканы төлемесе не болады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!