Тафтс атындағы Диетология және саясат университетінің ғалымдары мен Лернердің Кливленд клиникалық зертханасы қызыл ет жеу өлімге әкелетін атеросклеротикалық жүрек-қан тамыры ауруларының дамуына алып келетінін анықтады. Ғылыми жұмыстардың нәтижелері Arteriosclerosis Thrombosis және Vascular Biology және JAMA Network Open журналдарында жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы.
Жануарлардан алынатын тағамдарды тұтыну мен атеросклеротикалық ауру қаупі арасындағы байланысты зерттеген зерттеуге 65 жастан асқан 3931 қарт адам қатысқан. Бақылау 12,5 жыл жүргізілген. Атеросклерозбен байланысты жүрек-қан тамырлары ауруларына миокард инфарктісі, өлімге әкелетін жүректің ишемиялық ауруы, инсульт және басқа жүрек-қан тамырлары ауруларының салдарынан болатын өлім жатады.
Жануарлардан алынатын өнімдер ішек микробиомасының өзгеруі арқылы жанама түрде жүрек-қан тамырларының нашарлауына әкелуі мүмкін екені белгілі болды. Етте кездесетін L-карнитині қанға түсетін потенциалды зиян заттарды, соның ішінде триметиламин N-оксидін (TMAO) және γ-бутиробетаин мен кротонобетаин шығарады.
Шала піскен қызыл ет атеросклеротикалық ауру қаупін 15, 22 және 18 пайызға арттырады. Ал, балық, құс етін және жұмыртқаны қолданудың қаупі жоқ.