Жапониядағы Цукуба университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, көпшілік жақсы көретін ыстық сусынның пайдалы қасиетін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғалымдар 30 күн бойы тышқандарға тригонеллин берген. Бұл табиғи қосылыс әртүрлі өсімдіктерде, кофе дәнінде, бойданада және жапон шалғамында кездеседі. Мамандар алғашқы аптада мидың когнитивті функциясының жақсарғанын, сондай-ақ Моррис лабиринтінде есте сақтау қабілетінің айтарлықтай артқанын байқаған.
Сонымен қатар, гендік онтологияны зерттеу нәтижесіне сәйкес, тышқандарда жүйке дүйесі дамыған, митохондриялық функция, қабынуға, аутофагияға және нейротрансмиттердің бөлінуіне байланысты бірнеше сигнал беру жолдарының синтезі сияқты биологиялық процестердің кең ауқымы айтарлықтай жақсарған.
Тригонеллин қарапайым кофе құрамында бар, сондықтан сүйікті ыстық сусыныңыз кофеден бас тартудың қажеті жоқ, күніне бір шыны кофе есте сақтау қабілетін жақсартып, қартаю процесін бәсеңдетуге көмектеседі.
Айта кетейік, бұған дейін есте сақтау қабілетін жақсартудың 7 жолы хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Әйел неше жасқа дейін бала көтере алады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!