- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ғалымдар есінеуді басу...
Ғалымдар есінеуді басу қаншалық қауіпті екенін түсіндірді
Бұған дейін түшкіргенде мұрынды жабуға болмайтыны айтылды, ал есінеуді басуға бола ма? Ғалымдар жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Негізінен, есінеу 5 секундқа созылады. Профессор Эндрю Гэллаптың айтуынша, адам есінегенде оның миы салқындайды. Бұл миға қан ағымының жиілігі мен температурасын өзгертеді.
Осыған байланысты таңертең және кешке есінеу жоғары болып тұратын дене температурасын түсіреді. Сондықтан, Эндрю Гэллап есінеу оянуға немесе ұйықтауға біркелкі кетуге көмектесетін құрал деп санайды.
Есінеуді басу зиян ба?
Адамдар арасындағы әдеп бойынша, біреудің алдында есінеу оны құрметтемейтінінің белгісі ретінде жүреді, сол себепті көпшілік ортасында немесе адамның алдында есінеуді басқан жөн. Ал медицина тұрғысынан есінеуді басу денсаулыққа қауіп төндірмейді.
Айта кетейік, бұған дейін невролог есінеу неліктен жұғатынын түсіндірген болатын.
Біз есінеген кезде терең тыныс аламыз, бұл қанға, содан кейін миға оттегінің көбірек түсуіне көмектесіп, оны қосымша энергиямен қамтамасыз етеді және жасушалар арасындағы ақпараттың тарауын жеңілдетеді.
"Есіген кезде дем шығару арқылы қандағы көмірқышқыл газын және өкпе альвеолаларын азайтуға мүмкіндік береді", - дейді ол.
Ал есінеудің неліктен жұғатынына келетін болсақ, бұл әлеуметтік байланысты нығайтудың құралы. Мысалы, бір бөлмеде отырған бірнеше адамның біреуі есінесе, келесісі де есінейді, бұл олардың шаршағанын білдіреді.
"Дегенмен есінеу тақырыбы әлі де зерттеліп жатқанын ұмытпаған жөн, яғни біздің неліктен есінейтініміздің нақты жауабы жоқ", - дейді Валерия Морозик.
Жұқпалы есінеу құбылысы физиологиялық және эмоционалды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік аспектілерді де қамтиды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сағат неге сыйлауға болмайды?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә