- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ғалымдар демалыс күндері...
Ғалымдар демалыс күндері түске дейін ұйықтаудың денсаулыққа тигізетін зиянын айтты
Ғалымдар барлық орган мен жүйенің жағдайы біздің ұйқымызға байланысты екенін дәлелдеген. Бірақ жұмыс, бала, тағы басқа маңызды тірлік деп уақытылы ұйықтамаймыз. Сондықтан ұйқыны демалыс күндері қандыруды жөн көріп, сенбі-жексенбі де түске дейін ұйықтаймыз. Дегенмен дәрігерлер мұның адам өмірін қысқартатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Демалыс күндері ұзақ ұйықтау күн тәртібін бұзып, ол денсаулыққа кері әсер ететіні белгілі болды. Дәрігер Зухра Павлованың айтуынша, бұл тұжырымға америкалық ғалымдар келген.
"Мұның бәрі циркадиялық ритақтардың, біздің жақсы және көңілді күйімізге жауап беретін биологиялық сағаттарымыздың жұмысы", - дейді эндокринолог.
АҚШ ғалымдары егеуқұйрықтарға тәжірибе жасаған. Оларды тамақтандыру тәртібін өзгертіп, кеміргіштердің бір бөлігі үшін жарықты әдеттегіден 6 сағат бұрын өшірген.
Нәтижесінде, егеуқұйрықтар ұйқы кезінде қан қысымы төмендеп, инсульт қаупі артып, оған қоса өмір сүру ұзақтығы да азайған.
"Осындай жаңалықтан кейін демалыс кезінде әдеттегі күн тәртібін өзгерту керек пе деп тағы 10 рет ойлану керек", - дейді Зухра Павлова.
Мұндай ұйқы тәртібі әйелдің денсаулығына қауіп төндіреді
Түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамның биологиялық сағаттары істен шығуы мүмкін. Бұл "домино эффектісін" және ағзадағы маңызды бұзылуларды тудыруы мүмкін. Мысалы:
- ұйқы мәселесі;
- психикалық денсаулық мәселесі;
- жүрек аурулары;
- семіздік;
- қант диабеті;
- онкология.
Айта кетейік, сонымен қатар зерттеушілер өсіп кеткен эндометрия жасушаларында биологиялық сағатқа байланысты жасушаларды тапқан. Қалыпты тіндердегі гендердің экспрессиясы зардап шеккендермен салыстырғанда өзгерген, бұл "биологиялық уақыттың" бұзылуымен байланысты болуы мүмкін.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қымыздың қанша түрі бар?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә