Ғалымдар Брюс Ли неден өлгенін 51 жылдан кейін анықтады

Ғалымдар Брюс Ли неден өлгенін 51 жылдан кейін анықтады
Фото: фильмнен кадр

Мадридтегі ғылыми институттың зерттеушілері аты аңызға айналған жекпе-жек шебері және киноактер Брюс Лидің ерте қайтыс болу себебінің жаңа нұсқасын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Испан дәрігерлерінің айтуынша, актер өлімінің себебі ауырсынуды басатын дәрі-дәрмек немесе мафияға тапсырыс емес, су болуы мүмкін. Бұл туралы Присцилла Виллавалсо Clinical Kidney Journal журналында жариялады.

Ол өз командасымен бірге өлікті сою нәтижесінің деректерін талдап, актерде ХХ ғасырдың ортасындағы сирек кездесетін ауру - гипонатриемияны анықтады. Ауру бүйректің денеден артық суды кетіруіне жол бермейді. Сонымен қатар жедел бүйрек жеткіліксіздігі және ауыр физикалық жүктемелер сұйықтықтың шығуына жол бермеді.

Ғалымдардың ойынша, бұл Брюс Лидің миының ісінуіне себеп болды. Осы уақытқа дейін актерді гангстерлер өлтірді, ол бас ауруының дәрісін көп ішті деген секілді болжамдар айтылған болатын. Брюс Ли сұхбаттарының бірінде суды көп ішетінін айтты.

Еске салайық, Брюс Ли 1973 жылы 20 шілдеде Гонконгта жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Ол небәрі 32 жаста еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова