Ғалымдар Айдың арғы жағын суретке түсірді

Ғалымдар Айдың арғы жағын суретке түсірді
Фото: lenta.ru

Ғалымдар Айдың арғы жағын суретке түсірді. Фотосуреттерді жерге DSCOVR ғарыш кемесі жіберді, - деп хабарлайды НАСА агенттігі.

DSCOVR кемесі бұл суретті түсіру үшін Жер планетасынан 1,5 миллион шақырым жерге дейін барған. Фотосурет 2015 жылдың 16 маусымында келіп түсті.

 

Агенттіктің айтуынша, Айдың арғы жағы бұдан былай жылына 2 рет суретке түсіріліп отырады.

Айта кетелік, Жер бетінде Айдың үнемі бір жағы ғана көрінеді. Себебі, оның өз өсінен айналу периоды Жердікімен бірдей.

Жер серігінің арғы жағын алғаш рет 1959 жылдың 7 қазанында Кеңес одағының «Луна-3» кемесі суретке түсірген.

М. Бисембаева