- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ғалымдар Альцгеймер ауруының...
Ғалымдар Альцгеймер ауруының басталу белгісін тапты
Нейрологтар қандағы гликанның белгілі бір деңгейі деменцияның басталуымен байланысты екенін анықтады.
АҚШ-тағы Каролина институтының ғалымдары қант тобынан молекуланы тапты, оның қандағы мөлшері Альцгеймер ауруын он жыл бұрын болжай алады. Зерттеу Alzheimer's & Dementia журналында жарияланды.
Альцгеймер ауруы кезінде мидағы нейрондар бета-амилоидты және тау белоктарының қалыптан тыс жиналуы нәтижесінде өледі. Авторлар бұрын Альцгеймер ауруы бар адамдарда тау мен ерекше қанттардың, гликандардың деңгейлері арасындағы байланысты көрсетті, бірақ бұл талдаулар жұлын сұйықтығында жүргізілді, оны күнделікті ауру скринингі үшін пайдалану қиын.
Жаңа зерттеу қанында гликандардың белгілі бір деңгейі бар адамдардың Альцгеймер ауруына шалдығу ықтималдығы екі есе жоғары екенін көрсетті. Бұл қандағы осы молекуланың мөлшері Альцгеймер ауруының қаупін алғашқы белгілерден көп бұрын бағалауға мүмкіндік береді дегенді білдіреді. Тесттің дәлдігі шамамен 80 пайызды құрайды.
Нәтижелер 17 жыл бойы бақыланған 233 қатысушының талдауларына негізделген.
Альцгеймер ауруына қарсы препараттардың клиникалық сынақтары емдеуді патологиялық процестің ерте сатысында бастау керек екенін көрсетеді. Ғалымдардың жаңалығы адамдарда аурудың бастапқы кезеңін анықтауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін Альцгеймер ауруының белгісі болатын мидағы 5 өзгерісті жазған болатынбыз.
Т. Раушанұлы