Принстон универитетінің нанотехнология инженерлері үшөлшемді баспа құралының көмегімен сиыр жасушасы мен күміс нанобөлшегінен тұратын құлақ жасады. Оның ерекшелігі адам құлағы естіметін радиосигналдар мен жиіліктерді қабылдай алуында.
Зерттеушілер электрон құрылғыны құлақтың ішіне орнатудың орнына органика мен технологияны біріктіруді ұйғарыпты. Құрылғыны 3-D баспада жасап шығу үшін сиыр жасушасынан тұратын полимер қолданылған. Инженерлер жасушаны күміс нанобөлшегімен біріктіріп, ішкі құлақты алмастыратын антенна жасаған.
Ұсқынсыз формасына қарамастан құрылғының берер пайдасы көп. Ол адам құлағы естиметін радиосигналдар мен жиіліктерді қабылдай алады.
Дегенмен аталмыш құрылғы жақын арада қолданысқа енеді деп жоспарланып отырған жоқ. Ғалымдар әлі істейтін жұмыс көп екенін айтады. Бірақ теория жүзінде аталмыш құрылғыны болашақта есту аппаратының орнына қолдануға болады.
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры