- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ғалымдар адам ағзасында...
Ғалымдар адам ағзасында жүзетін робот балық ойлап тапты
Фото:
tn.kz
Калифорния университетінің ғалымдары жүзе алатын микроробот жасап шықты. Бұл туралы Advanced Materials журналында жазылды.
Роботтың ұзындығы – 120 микрон, ал қалыңдығы – 30 микрон. Балықтың артындағы нанобөлшектер сутегі пероксидіне түскенде қозғалады. Балықтың басындағы темір тотығы магниттің көмегімен балықты жетелеп отыру үшін қолданылады.
Ғалымдардың айтуынша, балықтар адам ағзасын токсиндерден тазартады. Мамандар болашақта мұндай роботтар адам ағзасына дәрі-дермек жеткізуге пайдаланылады деп отыр.
М. Бисембаева