- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ғалымдар 9600 жыл...
Ғалымдар 9600 жыл бұрын өмір сүрген адамның келбетін қайта жасады
Бразилиялық зерттеушілер 9600 жыл бұрын өмір сүрген адамның келбетін қалпына келтірді. Бұл туралы N+1 жазды.
Зузу деген атқа ие болған адамның қалдықтары 1997 жылы Пиауи штатында орналасқан Бразилияның Серра де Капивара ұлттық саябағында қазба жұмыстары кезінде табылған.
Зузу келбетін қайта жасау кезеңі © Moacir Elias Santos and Cicero Moraes / OrtogOnLineMag, 2023
Алғашқы зерттеулер қалдықтардың 35-45 жастағы әйелге тиесілі екенін көрсетті. Алайда бұл тұжырымдар кейінірек қайта қаралды. Қаңқаны тағы зерттеу кезінде жамбас сүйектерінің нашар сақталуына байланысты бұл адамның жынысы туралы нақты айту мүмкін емес деп саналды, дегенмен бұрынғы зерттеушілер бұл еркек қаңқасы деген қорытындыға келді.
Статистикалық талдау өзінің морфологиясы бойынша Зузу бас сүйегі қазіргі азиялықтарға - вьетнамдықтар мен малайлықтарға, сондай-ақ Америкадан келген ежелгі адамдарға жақын.
Зузу бас сүйегінің түрлі бұрыштан түсірілген фотосуреттері © Moacir Elias Santos and Cicero Moraes / OrtogOnLineMag, 2023
Сот-медициналық реконструкция үшін зерттеу авторларының бірі смартфонмен бас сүйегінің 57 фотосуретін әртүрлі бұрыштардан түсірген. Содан кейін ғалымдар фотограмметрияға жүгініп, алынған кескіндерді біріктіріп, үш өлшемді модель құрастырды және визуализация әдістеріне жүгінген.
Зерттеушілер оның сыртқы түрін шамалап қалпына келтіре алғанымен, жынысын айтудан бас тартты. Сонымен қатар, қайта зерттеудің арқасында Зузудың миының көлемі 1472 текше сантиметр екенін білді. Бұл қазіргі заманғы адамдар үшін орташа деңгейден сәл жоғары ми көлемі.
Т. Раушанұлы