Ұлыбританиялық ғалым Дэниел М. Дэвистің айтуынша, С дәрумені және оны қамтитын өнімдер суық тию мен тұмау кезінде көбіне пайдасы жоқ. Ол респираторлық инфекцияларды емдеу туралы ең кең тараған аңызды The Guardian басылымына берген сұхбатында жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биолог С дәруменінің жоғары дозалары суық тиюдің алдын алмайтынын және оны емдемейтінін атап өтті. Оның сөзінше, С дәрумені ауруды 8 пайызға ғана емдеуі мүмкін. Бірақ ғалымның пікірінше, осы мардымсыз әсердің өзі де күмәнді көрінеді.
Ғалым С дәрумені тұмаудан айықтыра алмаса да, денсаулық үшін өте маңызды екенін айтты. Ол - күшті антиоксидант: токсиндер мен қоршаған ортаның ластануынан туындайтын зиян қосылыстардан ағза жасушаларын қорғайды. Сонымен қатар, темірдің жақсы сіңуіне көмектеседі және ағзада коллаген түзуге қатысады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек