"Ғалам аруы-2023" байқауына Қазақстан атынан қатысып, бақ сынаған Томирис Заир отандастарына алғысын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
20 жастағы бойжеткен сұлулық байқауында қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғысын әлеуметтік желідегі парақшасында білдірді.
"Қазақстан, қолдауларыңызға рахмет! Мен сені жақсы көремін. Бұл өте үлкен тәжірибе болды және мұндай ауқымды жобада ел атынан өнер көрсету маған берілген мүмкіндік! Әрқайсысыңызға рахмет! Сенім, қолдау және махаббат үшін рахмет! Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қыздармен танысып, өзге елдердің мәдениеті туралы сәл де болсын біле түстім", - деп жазды ол.
Айта кетейік, Никарагуалық 23 жастағы Шейннис Алондра Паласиос Корнехо Сальвадорда өткен 72-халықаралық "Ғалам аруы" байқауының жеңімпазы атанды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!