"Ғажап көрініс". Кинотеатрда күй тартқан бір топ адам Желідегілерді сүйсінтті

Желіде кинотеатрда бір топ адамның күй орындаған видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео TikTok қолданушылардың бірінің парақшасында жарияланды. Видео 1 тәуліктің ішінде 18 мыңнан аса қаралым, 3 мыңнан аса лайк жинаған. 

Күй жазушы Міржақып Дулатұлының өмір жолына арналған "Оян, қазақ!" фильмінің жарыққа шығуының құрметіне орындалған. Бұл - "Алаш Аманаты" күйі. Кадрда фильм режиссері әрі продюсері Мұрат Есжанның отырғанын байқауға болады.

@mukhaamedzhanova Оян қазақ?? Кинопарк 4 Глобус !@Kinopark Theatres #оянқазақ #міржақыпдулатұлы #кинопарк #кинопарк4 #kinopark #globus ♬ оригинальный звук - Aytolkyn?

Желі қолданушылары күйге тамсанып, пікір қалдырған. 

"Ғажап көрініс", "Керемет", "Жарайсыздар", - деп жазған олар. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз