Белгілі әнші Ғаділбек Жаңай концертте қызық жағдайға тап болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Ол оқиғаның видеосын Instagram-парақшасында жариялаған. Онда сахнада тұрған баннердің желден құлап кеткені көрінеді. Ән айтып тұрған ол баннерді тіреп тұрған.
"Өмір лимон берсе, лимонад жасап ал" ғой видеоның аты", - делінген жазбада.
Әншінің оқырмандары видеоға жағымды пікірлер жазған:
"Жарайсың, саспады", "Көңіл күй болмай тұр еді, бір көтеріп тастадыңыз", "Қанша рет қайталап көрдім, жүрекке сондай жақын", "Үнемі жанды дауыста ән айтатындарға бас иемін, Ғаділбек аға, мықтысың ғой", "Сонда да айтып жатыр", "Фонограмма емес, әйтпесе қиындау болатын еді", "Жылағанды көрсетейін деді-ау", - деген пікір білдірушілер.