Футзалдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы: Мұндай қолдауға лайық болмадық

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Пауло Рикардо Кака команданың ширек финалдағы ойынынан кейін сұхбат берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз мұндай қолдауға лайық болмадық, өйткені біз сәтсіз өнер көрсеттік және бұл менің кінәм. Әрі қарай жұмыс істей береміз, өмір жалғасады...

Жекелей біреудің қатесін көріп тұрған жоқпын, бас жаттықтырушы ретінде жақсы ойнаған кезде, барлық марапатты, жақсы сөзді, пікірді естимін. Сондықтан бұл жолы да жаман пікірді естуге дайынмын. Футболшылардың еш кінәсі жоқ, мен жауаптымын", – деді ол.

Ал Қазақстан құрамасының капитаны Лео Игита Аргентинамен ойыннан кейін жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

"Біз бұл әлем чемпионатында жақсы ойнадық, бірақ, өкінішке қарай, ойынды қадағалай алмадық. Бұл мен үшін соңғы әлем чемпионаты болды", – деді Игита.

Еске салайық, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады.

Отандастарымыз ширек финалда Аргентина құрамасынан 1:6 есебімен ұтылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз