Футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нидерландыдан ойсырай жеңіліп қалды

Футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің негізгі алғашқы ойынын Нидерланды құрамасымен өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада өткен кездесу 6:0 есебімен голландиялықтардың жеңісімен аяқталды.

Еске салайық, жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы негізгі раундта Нидерланды және Польшамен бірге алтыншы топқа түскен еді. Топ жеңімпаздары іріктеудің элиталық кезеңіне жолдама алады.

Қазақстан келесі ойынын 19 қазан күні Польшаға қарсы өткізеді.

Әйелдер арасындағы футзалдан алғашқы әлем чемпионаты 2025 жылғы 21 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Филиппинде өтеді. Турнирге барлығы 16 команда қатысып, Еуропадан (УЕФА) төрт команда іріктеуден өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!