- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Футболдан Қазақстан жастар...
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы да сырт алаңда жеңілді
Пейслиде (Шотландия) футболдан Шотландия мен Қазақстан құрамалары арасында Еуро-2025 іріктеу кезеңінің ойыны өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Ойын 4:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Бірінші таймда шотландиялықтар Темірлан Анарбековты үш рет қапы қалдырды: 19-минутта команда капитаны Джош Доиг бірінші голды соқты. Бес минуттан кейін Лайл Кэмерон есепті еселеді. Үшінші голды Томми Конуэй 38-минутта пенальтиден соқты.
Екінші таймда шотландиялықтар басымдықты үдете түсті: Льюис Фиорини 55-минутта гол соқты.
68-минутта "Қайрат" шабуылшысы Ян Труфанов пенальти арқылы гол соқты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Константин Горовенко шәкірттері бес матчтан кейін үш ұпай жинап, В тобында соңғы – бесінші орында тұр. Келесі кездесуде Қазақстан жастар құрамасы Алматыда Венгриямен ойнайды. Кездесу 26 наурызда өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан