- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды
Футболдан Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды

Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. "Реал Мадрид" пен "Манчестер Сити" төртінші маусым қатарынан өзара кездесетін болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде 9-24 орын алған командалар жеребе бойынша ойнайды. Ал алғашқы сегіздікке енген клубтар жарысты 1/8 финалдан бастайды.
Сонымен жеребе нәтижесі төмендегідей:
"Брест" (Франция) - "ПСЖ" (Франция)
"Бенфика" (Португалия) - "Монако" (Франция)
"Ювентус" (Италия) - ПСВ (Нидерланд)
"Фейеноорд" (Нидерланд) - "Милан" (Италия)
"Манчестер Сити" (Англия) - "Реал" (Испания)
"Селтик" (Шотландия) - "Бавария" (Германия)
"Брюгге" (Бельгия) - "Аталанта" (Италия)
"Спортинг" (Португалия) - "Боруссия Д" (Германия)
Алғашқы матчтар 11-12 ақпанға, ал қарымта ойындар 18-19 ақпанға жоспарланған.
О. Сансызбай