- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Депутаттық сауал
Футбол федерациясының басшысына жаны қазақ азаматты қойыңыздаршы - депутат
Бүгін Мәжілісте депутат Жигули Дайрабаев Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа сауал жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутаттар дене шынықтыру және спортқа қатысты заң жобасын талқылаған болатын.
"Бірінші мәселе, заңда көрсетілген футбол, хоккей, баскетбол ойындары біздің көңілімізді көншітпейді. Бұл ойындарға легионерлердің бәрін жинап алдық. Осыларға мемлекеттің ақшасын шашуды және бұл саладағы ретсіздіктің бәрін доғару керек. Екінші мәселе, жақында Футбол Федерациясының басшысы ауысты. Сол жерге басшы ретінде жаны, тілі қазақ азаматты қойыңыздаршы! Өтініш!", - дейді депутат.
Туризм және спорт министрінің жауабы
Министр спортқа бөлінген қаражатты тиімді басқаруға басымдық берілетінін айтты.
"Енді легионерлерге мемлекеттік немесе квазимемлекеттік сектордан қаржы берілмейді. Есесіне, бұл қаражатты отандық спортты дамытуға бағыттаймыз. Иә, Футбол Федерациясының бұрынғы басшысы өз еркімен орнын босатты. Бұл қызметке тағайындау үшін заңнамаға сәйкес процедуралар бар. Бір айдан кейін белгілі болады", - деді министр Ербол Мырзабосынов.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға легионер шақыруды тоқтатуды тапсырған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
E. Aitkazina