Футбол федерациясы Әділет Бәрменқұловтың қызметінен кеткенін растады

Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Бәрменқұлов сыннан кейін ұйымның президенті қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін, 8 қарашада Қазақстан футбол федерациясында өткен жиында Әділет Бәрменқұлов ҚФФ басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді. Жарғыға сәйкес, жаңа президент КФФ-ның кезектен тыс конференциясында сайланады, оның күні әлі белгіленген жоқ.

"Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Әділет Бәрменқұлов өз еркімен қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Біз Әділет Назарбайұлына Қазақстан футболын дамытуға қосқан үлесі, өз ісіне деген жауапкершілігі және көшбасшылық қасиеттері үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз", - деп хабарлады футбол федерациясы.
 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов қызметінен кететіні туралы ақпарат тараған еді.

Әділет Барменқұлов - ҚФФ-ға 2022 жылы президент болып сайланған еді. Ол Әділбек Жақсыбековті алмастырған болатын. Оның тұсында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу кезеңінде тәуір өнер көрсетіп, жолдама алуға жақын қалды. Алайда шешуші сәтте Магомед Адиев жаттықтырған құрама Словенияға есе жіберді. Кейін қосымша ойында Грекияға жол берді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!