Футбол алаңындағы тағзым: жанкүйерлер Мұхтар Шахановты ерекше құрметпен еске алды

Шымкенттік "Ордабасы" жанкүйерлері көрнекті қазақ ақыны, жазушы және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ордабасы" клубының "Каспийге" қарсы матчінде жанкүйерлер Мұхтар Шаханов бейнеленген плакатты ілді.

Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде дүниеге келген. Шымкент педагогикалық институтын (1969) "қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген. Ол 19 сәуірде 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Кеңестік және қазақстандық ақын әрі жазушы, саяси қайраткер, Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты. Қазақстанның Еңбек Ері, республиканың халық жазушысы және Қырғызстанның халық ақыны.

Бұған дейін Алматыда жұрт ақынмен қоштасты, рәсім 21 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының ғимаратында өтті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз