Фристайл-могулдан Қазақстанда өтетін әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама спортшылары анықталды

"Шымбұлақ" шаңғы курорты 7-11 қаңтар аралығында фристайл-могул және фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын қабылдайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бапкерлер штабы елдегі әлем чемпионатында жүлде үшін таласатын қазақстандық могулшылардың есімдерін атады. Жарысқа келесі спортшылар қатысады:

  • Анастасия Городко;
  • Юлия Феклистова;
  • Анастасия Ларионова;
  • Виктория Кузнецова;
  • Юлия Мокина;
  • Семён Русаков;
  • Ильнар Ибрагимов;
  • Данил Коротков;
  • Алексей Дениярев;
  • Денис Раструба.

Айта кетейік, өткен әлем чемпионатында Анастасия Городко алтын және күміс медаль жеңіп алып, 2022 жылы көрсеткен нәтижесін қайталады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз