- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Спорт жаңалықтары
Фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы ӘЧ: Анастасия Городко күміс медальға ие болды
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Финалда қазақстандық спортшы 70.79 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.
Жапониялық Юма Тагучи 72.43 ұпаймен жеңімпаз атанды. Үшінші орынды тағы бір жапониялық спортшы Мисе Курэа (66.63) иеленді.
Ал Юлия Феклистова - 13-орынды иеленсе, Анастасия Ларионова - 17-орын, Виктория Кузнецова - 18-орын, Юлия Мокина - 22-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатында Городко үш жүлде жеңіп алған еді. Ол параллель могулда жеңіске жетіп, жекелей сында және аралас командалық сайыста екінші орын алды. Сонымен қатар 2024 жылғы әлем чемпионатында Городко могулда бірінші, параллель могулда екінші орын иеленген еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан