Фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңі: Анастасия Городко күміс медаль иеленді

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Канаданың Вал-Сент-Ком курортында өткен Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Жарыс барысында Городко жартылай финалда Францияның олимпиада чемпионы Перрин Лаффонды жеңді.

Шешуші жарыста қазақстандық спортшы АҚШ өкілі Джейлин Кауфпен кездесті. Нәтижесінде америкалық спортшы басымдық танытты.

Қола медальды Лаффон иеленсе, Юлия Галышева тоғызыншы орынға, ал Аяулым Әміренова 13-орынға тұрақтады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз