Фристайл-могул: Юлия Галышева әлем кубогы кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Фристайл-могул: Юлия Галышева әлем кубогы кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды
Фото: olympic.kz

Бакуриани қаласында (Грузия) фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі өтуде. Қазақстандық Юлия Галышева төртінші нәтиже көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Грузияда финалға дейін жетті. Өз өнерін қорытындылай келе ол 74,82 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.

Жеңімпаз атанған АҚШ спортшысы Оливия Гьяччо 80,19 ұпай жинады. Франция спортшысы Перрин Лаффон 76,53 ұпаймен екінші орын алды. Ал үшінші орын 76,13 ұпай жинаған АҚШ спортшысы Джейлин Кауфқа бұйырды.

Айта кетейік, ерлер арасында қазақстандықтардың қатарында ең жақсы нәтижені Павел Колмаков көрсетті. Ол 11-ші орынға ие болды.
 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан