Француз киносының аңыз актері Ален Делон қайтыс болды

Әйгілі француз актері, кино аңызы Ален Делон өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі мәлімдеді. 

1935 жылы 8 қарашада дүниеге келген француз актері 18 тамызда 88 жасында қайтыс болды.

Франция киносының аңызы Ален Делон ұзақ аурудан кейін көз жұмғаны белгілі болды.

Соңғы жылдары актер көпшілік алдына сирек шығып жүрді. Ол бірнеше жыл бұрын Альцгеймер ауруының дамуына түрткі болған инсультпен ауырған. Осыған дейін атақты "Самурай" фильмінің жұлдызына қатерлі қан ісігі диагнозы қойылған деп хабарланған. Актер тіпті эвтаназия туралы ойланғаны туралы айтқан.

Ален Делон көптеген марапаттарға ие болған. Оның ішінде Канн кинофестивалінің "Алтын пальма бұтағы" номинациясымен марапатталған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз