Франциялық студент Тоқаевқа қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты

Франциялық студент Тоқаевқа қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы елімізде білім алып жатқан шетелдік студенттермен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгінде Қазақстанда 31 мыңнан аса шетел студенті оқиды. Президент 2029 жылға қарай бұл межені 100 мыңға дейін жеткізу міндетін жүктеді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқитын француз студенті Адриан Давус Президентке қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты.

Мемлекет басшысы оның ана тілімізді үйренуге деген ықыласына ризашылығын білдірді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget