Франция президенті Эммануэль Макрон 34 жастағы Ұлттық білім және жастар министрі Габриэль Атталды елдің жаңа премьер-министрі етіп тағайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі France 24-ке сілтеме жасап.
Француз ақпарат құралдарының хабарлауынша, Атталь - Макронның ең жақын серіктерінің бірі және сарапшылардың пікірінше, ол келесі президент болатын "үміткер" ретінде қарастырылады.
Атталь - ел тарихындағы ең жас премьер-министр, сондай-ақ бұл лауазымға тағайындалған алғашқы ЛГБТК+ өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!