Франция президентінің жұбайына тіл тигізген 10 адам жауапқа тартылмақ

27 қазанда Париждің қылмыстық сотында Франция президентінің жұбайы Брижит Макронға қатысты кибербуллинг дерегі бойынша іс қаралады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі L’Independant басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, айыпталушылар арасында шенеунік, галерея иесі, мұғалім, жарнама менеджері, информатика маманы және тіпті медиум бар - барлығы сегіз ер адам мен екі әйел (жасы 41–60).

"Айыпталушылар Брижит Макронға қатысты гендер мен жыныс талғамына бағыттап қорлады деген күдікке ілінді. Париж прокуратурасы оның күйеуімен жас айырмашылығы педофилияға теңестірілгенін түсіндірді", - делінген жарияланымда.

Атап айтқанда, әйелдердің бірі Брижит Макрон - шын аты Жан-Мишель болатын трансгендер әйел деген қауесеттің таралуына ықпал еткен. Оның адвокатының сөзінше, қорғауындағы тұлға "тек жаңалықтарға реакция білдірген", әрі "қандай да бір хабарлама тікелей ханым Макронға жолданбаған".

2024 жылғы қыркүйекте Францияның бірінші инстанция соттары оны өзге бір айыпталушымен бірге Брижит Макронның зиянын өтеу үшін бірнеше мың еуро және оның ағасы Жан-Мишель Троньёға қосымша 5 мың еуро төлеуге міндеттеген. Алайда 10 шілдеде апелляциялық сот оны ақтап шықты.

Кибербуллинг деректері бойынша тергеу 2024 жылғы 27 тамызда Брижит Макрон түсірген шағымнан кейін тұлғаға қарсы қылмыстармен күрес бригадасына тапсырылған. Соның нәтижесінде бірнеше рет ұстау толқындары болды - атап айтқанда, 2024 жылғы желтоқсан және 2025 жылғы ақпан айларында.

Брижит Макронның адвокаты Жан Энноши журналистерге жауап бермеді және Францияның бірінші ханымы тыңдауға қатысып-қатыспайтынын да нақтылаған жоқ. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!