Марсельдегі жұқпалы аурулар институтының (IHU) мамандары қала тұрғындарынан коронавирустың жаңа штамын тапты. Бұл туралы медицина саласындағы ғылыми мақалалар жарияланатын MedRxiv порталындағы зерттеуде жазылған, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ғалымдардың айтуынша, 12 адамда коронавирус нұсқаларына байланысты мутацияны анықтауға арналған тесттер "бұрын болмаған комбинацияны" көрсеткен.
Вирустың жаңа нұсқасына B. 1.640.2 деген атау берілген. Ол алғаш рет қарашада Камеруннан оралған адамнан анықталған. Зерттеушілер геном талдамасынан 46 мутация табылғанын айтады.
"Осылайша, геномдық мутацияның үлгісі жаңа нұсқаны көрсетіп тұр, біз оны IHU (университет атауына ұқсатып) деп атадық", - деп жазды олар.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz