- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Су және ирригация министрлігі Франция
Франция Іле-Балқаш бассейнін зерттейді
Қазақстан мен Франция Іле-Балқаш бассейнін зерттейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министр Франция өкілімен кездесті
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Сильван Гиогемен кездесті.
gov.kz
Министрлік Францияның даму агенттігімен (AFD) және Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросымен (BRGM) ынтымақтастық туралы меморандумға, үшжақты келісімге қол қоюға дайындалып жатыр.
Бұл келісім не үшін қажет?
Ведомство бұл ұйымдармен бірлесіп, Іле-Балқаш бассейнін кешенді зерттейді. Сондай-ақ жерасты суларын зерттеу, мониторинг, барлау және игеру бағытында да ынтымақтастық жолға қойылады.
gov.kz
Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық су бюросымен (OiEau) ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырып жатқаны да белгілі болды.
Сильван Гиоге өз кезегінде француз компаниялары Қазақстанда су шаруашылығы құрылыстарын салу және реконструкциялау бойынша жобаларға қатысуға ниетті екенін айтты. Сондай-ақ су шығынын анықтайтын және суды басқаруды оңтайландыратын компаниялар да серіктестік орнатуға қызығушылық танытып отыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова