Алматының Медеу ауданының полицейлері Франция азаматының жоғалған планшетін тауып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Шетелдік қонақтар гаджетті таксиде қалдырып кеткен екен.
– Полиция қызметкерлері біздің мәселемізге бірден кірісті. Олар жоғалтып алған затымызды бірнеше сағат ішінде тапты. Біз Алматыға қонаққа келдік. Қаланы таксимен араладық. Бір кезде мен планшетімнің жоқ екенін байқадым. Бейнебақылау камераларынан көліктің маркасы мен нөмірін анықтаған полицейлер жүргізушінің кім екенін анықтап, онымен хабарласып, гаджеттің иесі табылғаны жөнінде айтты. Полиция қызметкерлерінің кәсіби және адами қасиеттерін атап өткім келеді. Планшетті қайтаруға көмектескендері үшін көп рақмет. Бізде Қазақстан жайында, әсіресе Алматыға қатысты жақсы әрі жарқын эмоциялар қалды, – деді шетелдік қонақтар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!