- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Фосфорник" зауыты опырылды:...
"Фосфорник" зауыты опырылды: үйінді астынан қаза тапқан студенттің мәйіті шығарылды
Фото:
Otyrar.kz
Опырылған "Фосфорник" зауытының үйінділерінен 18 жастағы адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" басылымына сілтеме жасап.
Ол ғимаратта 16 және 18 жастағы екі адаммен бірге болған. Олар көшеге жүгіріп шығып үлгерген.
Еске салайық, қайғылы оқиға бір күн бұрын сағат 19:48-де болған. "Фосфорник" мәдениет сарайының қараусыз қалған үш қабатты ғимаратының шатыры бірінші қабатқа дейін опырылып түсті.⠀
Сағат 22:30-да шымкенттік құтқарушылар мен кинологтар 2005 жылы туған марқұмды үйінді астынан шығарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек