Forbes ең бай спортшылардың тізімін жариялады

Forbes ең бай спортшылардың тізімін жариялады
Фото: tn.kz

Forbes журналы соңғы 10 жылда ең көп жалақы алған спортшылардың тізімін жариялады, - деп жазады Tengrinews.kz. Рейтингке соңғы он жылда белсенді болған атақтылар ғана енді.

Бірінші орында - гольфшы Тайгер Вудс. Ол соңғы 10 жылдың ішінде 845 миллион доллар табыс тапқан. Ал екінші орында - боксшы Флойд Мейвезер. Forbes журналының бағалауынша, соңғы 10 жылда Мейвезер 660 миллион доллар тапқан. Бұл соманың жартысына жуығын ол Мэнни Пакьяомен өткізген бір кездесуі үшін алды. Айта кетейік, Мейвезер қыркүйекте спорттық мансабын аяқтады. Үшінші орында - баскетболшы Коби Брайант. Оның табысы - 475 миллион доллар.

Бұлармен қатар, бірінші ондыққа баскетболшы Леброн Джеймс (472 миллион), гольфшы Фил Микельсон (468 миллион), теннисші Роджер Федерер (455 миллион), футболшы Дэвид Бекхэм (441 миллион), боксшы Мэнни Пакьяо (432 миллион), футболшы Криштиану Роналду (407 миллион) және футболшы Лионель Месси (350 миллион) кірді.

М. Бисембаева