"Флюорографиядан өтуің керек": алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

"Флюорографиядан өтуің керек": алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Фото: ІІМ

Павлодар облысының Полиция департаменті тұрғындарға алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алаяқтар медициналық мекеме қызметкерлері ретінде қоңырау шалып, өздерін таныстырады, содан кейін диспансерлеуге немесе флюорографияға шақырады екен.

"Тексерудің күні мен уақытын таңдағаннан кейін олар сізден телефонға келген кодты хабарлауды сұрайды. Код расталғаннан кейін олар жазба сәтті өткенін айтады. Біраз уақыттан кейін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізе отырып, олар сіздің атыңызға несие ресімдейді", - деді Павлодар облысы ПД криминалдық полициясының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Ризабек Жанат.

Полиция азаматтарды сақ болуға, телефон арқылы sms кодтарын бермеуге және бейтаныс адамдарға жібермеуге, әрқашан хабарламаның кімнен келгенін бірнеше рет тексеріп, оның мазмұнын оқуға кеңес береді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова