Flydubai ұшағы Катманду әуежайынан ұшып шыққан кезде өртеніп, қонуға әрекеттенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
"Flydubai ұшағы Катманду әуежайынан ұшып шыққан кезде өртеніп, әуежайға қонуға әрекеттеніп жатыр. Өрт сөндіру машиналары әуежайда тұр", - делінген хабарламада.
Рейс нөмірі, ұшақ түрі және жолаушылар саны әлі нақтыланған жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лес