Флоридада бұғыны тұтастай жұтып қойған питон табылды (видео)

Флорида штатындағы (АҚШ) Эверглэйдс ұлттық саябағының қызметкерлері аққұйрықты бұғыны толығымен жұтып қойған үлкен питонды тапты. Биологтар тамақтану процесін видеоға түсіріп, оны "12 жылдағы ең керемет көрініс" деп атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Вокруг света"-ға сілтеме жасап.

Ұзындығы 4,5 метр және салмағы шамамен 52 келі болатын ұрғашы питон өз салмағының үштен екі бөлігі болатын бұғыны (35 келі) жұтып қойды. Питон бұғыны жұту үшін аузын 24 сантиметрге дейін ашуға мәжбүр болған.

"Біз қылмыс орнында сериялық өлтірушіні ұстағандай болдық. Мұны шынайы өмірде көру қызық болды. Бұл Флориданың оңтүстік-батысында 12 жыл бойы питондарды бақылаған кездегі ең жарқын және әсерлі көрініс", - деді ғылыми координатор Ян Бартошек.

Бирманың немесе қара жолбарыс питонының отаны - Оңтүстік-Шығыс Азия. Бұл питондар алғаш рет АҚШ-қа ХХ ғасырдың ортасы мен аяғында үй жануарлары ретінде сату үшін әкелінген деп айтылады. Бірде жыландар Флоридадағы дауылмен жойылған тәлімбақтан қашып кетті немесе әдейі жабайы табиғатқа жіберілді. Көп ұзамай олар тез көбейе бастады, өйткені жергілікті экожүйеде Бирма питондарына бәсекелестер болған жоқ.

Эверглэйдс ұлттық саябағында питондар жергілікті сүтқоректілердің көптеген популяцияларына қауіп төндіреді. Мысалы, бұл жыландар қоныстанған жерлерде қояндар мен түлкілер мүлдем жоғалып кетті. Ғалымдардың айтуынша, олар қазір жанаттарды 99,3 пайызға, опоссумдарды 99,3 пайызға, аққұйрықтарды 98,9 пайызға аз байқайды. Койоттарға (шалғын қасқыры), сілеусіндерге, құстарға және тіпті қолтырауындарға да қауіп төніп тұр.

Инвазиялық түрлердің санын аздап азайту үшін жергілікті биологтар бұл жыландарды тауып, жоюға мәжбүр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!