Бала жазуға үйренбегендіктен, ауыр немесе қолайсыз қалам оның қолын шаршатуы мүмкін. Сондықтан мамандар болашақ оқушыларға арнайы қаламдар сатып алуға кеңес береді. Бұл туралы Рошаль атындағы Балалар клиникалық орталығының педиатриялық бөлімінің меңгерушісі Юлия Ровенская айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі rbclifetime.ru-ға сілтеме жасап.
Сарапшының 5 кеңесі
Солақай балаларға кеңес
Егер балаңыз солақай болса, оны қайта үйретудің қажеті жоқ. Бүгінде сол қолмен жазуға ыңғайлы, арнайы иілген корпусы бар қаламдар шығарылады.
Мектепке қажет заттар
Бірінші сынып оқушысына мына заттарды дайындау ұсынылады:
Маңызды ескерту
Маман ата-аналарды балаларға қалам, қарындаш немесе фломастерді жалауға болмайтынын түсіндіруді өтінеді. Себебі қолда жүрген қаламда микроб көп жиналады. Бұл жұқпалы ауруларға себеп болуы мүмкін. Құрғаған фломастерді жалап жаздыру да қауіпті: заманауи бояулар улы емес болғанымен, аллергия туғызуы мүмкін.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!