Физиолог аяқ киімді жалаң аяққа кию қауіпті. Бұл туралы физиолог, эколог Александр Созыкин ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Известияға" сілтеме жасап.
"Аяқ пен терінің басқа аймақтарында жүйке ұштары мен тер бездері бар, олардың саны көп. Сондай-ақ, терінің бетінде қышқыл РН бар жұқа қорғаныс қабық бар. Аяқ киімді халаң аяққа кигенде тері қабығы бұзылады, рецепторлар тітіткенеді, салдарынан аяқ терлеп, тері мен аяқ киім ішінде органикалық компонентер қалады. Бұл ауада және терінің өзінде өмір сүретін микроорганизмдер үшін қоректік орта. Сөйтіп аяқ жарылады, қабынады және аллергиялық реакциялар, саңырауқұлақ аурулары пайда болады", - деді ол.
Сарапшының айтуынша, аяқ киім жабық болып, "дем алмаса", жылыжай әсері пайда болады. Бұл буындар пішінінің өзгеруіне және артриттің пайда болуына ықпал етеді.
"Сәнді кедыны да шұлықсыз кию өте зиянды, табаны резеңке тығыз аяқ киім де жылыжай әсерін тудырады. Ал кроссовкада аяққа тыныс алуға мүмкіндік беретін тесіктер бар, олардың көпшілігі микро тесіктер, оларда шұлықпен киген дұрыс.
Ал жаз немесе көктемде жабық аяқ киім кию үшін оның желдеткіш микропорасы болуы шарт, сондай-ақ ол табиғи материалдан болуы керек. Шұлық үйкеліс күшін едәуір азайтып, бөлінген артық тер мен кір матаға сіңеді. Егер аяғыңыздың сау болғанын қаласаңыз, тіпті жазғы аяқ киімді де шұлықсыз бірнеше сағат қана киіп, артынан аяғыңызды мұқият жуыңыз. Аяқ киіммен күні бойы жүретін болсаңыз, шұлық киіңіз. Табиғи матадан тігілген шұлықты күн сайын ауыртыру қажет", - деп қорытындылады Александр Созыкин.
Айта кетейік, бұған дейін аяқ киімнің жағымсыз иісін оңай кетіру жолдары хабарланған болатын.
Аяқ киімге көң иіс сіңіп қалғанда жалғыз гигиеналық шаралармен шектеліп қалуға болмайды, онымен бірге аяқ киім тазалығына да көңіл бөлу керек. Бірінші кезекте аяқ киімнің ұлтарағын ауыстырыңыз. Ең көп бактерия сол ұлтарақта жиналады. Ал кейбір аяқ киімдерді: кроссовка мен кедаларды жууға да болады. Ал басқа аяқ киім түрлерін ылғал шүберекпен дұрыстап сүртіп шығыңыз.
Аяқ киімнің иісі қатты сіңіп, жәй ғана жуудан кетпей қойса сірке суын сумен араластырып біраз уақытқа салып қойыңыз. Марганец, сутек тотықтарымен, тіпті болмаса формидронмен ішкі бөлігін сүртіңіз. Етіктің шуашын кетіру үшін оның ішіне тотықты құйып, ол көбіктеніп болған соң төгіп тастап, кептіріңіз. Ал көк шайдың микроорганизмдерді өлтіретін қасиеті бар. Қайнатылған суға көк шай салындысын салып, аяқ киім ішін жуыңыз. Осы шаралардан кейін аяқ киімді жақсылап кептіріңіз. Мұсатырлы спиртпен де аяқ киімді тазалауға болады. Бірақ үй ішінде иіс болмауы үшін далаға барып тазалағаныңыз жөн.
Сулы процедуралардан бас тартсаңыз, құрғақ жасалатын тазалау әдістеріне сүйенсеңіз болады. Полиэтилен пакетіне аяқ киімді орап, тоңазытқыш ішіне салып, бір күн күтсеңіз де иіс кетуі керек. Бірақ лакталған аяқ киімдерді суыққа салуға болмайтынын ескеріңіз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!