Филиппиндегі түнгі клубтың бірінен белгісіз біреулер қытайлық туристі ұрлап, 20 күн бойы ит торында ұстаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Star басылымына сілтеме жасап.
Шанхай тұрғынына Анхелес қаласында құрбысымен серуендеп жүргенде шабуыл жасалған. Кейін қыздың сүйіктісі полицияға жүгінген. Ер адам оның телефонына белгісіз нөмірден видео жіберілгенін, онда оның сүйіктісін бейсбол таяғымен ұрып жатқанын айтты. Сондай-ақ, ер адамның айтуынша, шабуыл жасағандар 180 мың фунт стерлинг төлем талап еткен.
Жәбірленуші қасқүнемдерден қашып үлгерген, кейін полиция қызметкерлері әйелді тапқан. Тәртіп сақшылары турист қамалған үйге барған, алайда күдіктілер оқиға орнынан қашып үлгерген. Тәртіп сақшылары бұл үйде ішінде жастық пен шелек тұрған ит торы болғанын растады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!