- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Филиппин үкіметі тұрғындарды...
Филиппин үкіметі тұрғындарды суды үнемдеуге шақырды
Филиппин үкіметі тұрғындарды суды үнемдеуге шақырды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар24" телеарнасына сілтеме жасап.
Құрғақшылық салдарынан елде су тапшы. 4 қоймадағы су деңгейі айтарлықтай төмендеп кеткен. Мамандар бұдан ауыл шаруашылығы қатты зардап шегетінін айтып отыр. Қазірдің өзінде бірнеше егіс алқабы құрғап кеткен. Мамырда аптап болып, температура бағаны 50 градусқа дейін жетті. Метеорологтар мұндай жағдай қайталануы мүмкін екенін ескертіп жатыр.
"Үкімет, халық пен құзырлы мекемелер күш біріктіруі керек. Кешенді іс-шаралар жоспары қабылдануға тиіс. Суды үнемдемей қазіргі қиын жағдайдан шығу мүмкін емес", - дейді су ресурстары кеңесінің атқарушы директоры Сервилло Давид.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова