Facebook компаниясының экс-президенті Шон Паркер әлеуметтік желілердің не үшін пайда болғаны туралы өз ойын айтты. Оның айтуынша әзірлеушілер адам миының осалдығын әдейі пайдалана бастады.
Фэйсбуктың көмегімен мамандар әлеуметтік желідегі пікірлер мен лайктар арқылы адам миына әсер етуді қалаған. Олар уақыт өте қолданушылар көбірек ақпарат алу керек деп есептейді. Желі қолданушыларының барлығы да жазбалары көп лайк жинап, пікір қалдырғанын және де басқалардың өз парақшасына бөліскенін жақсы көреді.
Әлеуметтік желілер адамның қабылдауына кері әсерін тигізетіндігі дәлелденген. Уақыт өте келе адамдар әлемді басқаша көре бастайды. Шон Паркердің өзі Facebook-тың балалар мен жасөспірімдердің миына қалай әсер ететінін білмейтінін айтты.