Астана қаласының Полиция департаментінде алаяқтардың мессенджерлерде жалған аккаунттар құрып, өздерін мемлекеттік, квазимемлекеттік және басқа да ірі коммерциялық мекемелердің басшылары ретінде таныстырып, адамдарды алдап соғатынын айтты, - деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Осылайша, құқық қорғау органдарының атынан ұйымдардың қызметкерлеріне сырттан тексеру жүргізілетіні туралы хабарланады.
"Алаяқтық схемаға сәйкес, олар өздерін ҰҚК қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, олардың банктік шоттары арқылы террористік ұйымдарды қаржыландыру фактісі анықталғанын хабарлайды, содан кейін қорқыту арқылы ақшаны банк шоттарына аударуды немесе қолма-қол ақшаны құқық қорғау органдарының қызметкерінің қолына беруді сұрайды. Осыған байланысты азаматтардан абай болуды, белгісіз абоненттік нөмірлермен диалогқа түспеуді, сондай-ақ ешбір жағдайда белгісіз банктік шоттарға ақша аудармауды және бөгде адамдарға бермеуді сұраймыз. Барлық күдікті фактілер туралы дереу полицияның "102" нөміріне хабарлауды сұраймыз", - делінген ПД хабарламасында.
Айта кетейік, биыл елорда аумағында 2500-ден астам интернет-алаяқтық тіркеліп, 505 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.
Азаматтарға келтірілген залал 2 млрд теңгеден асады. Қазақстанда соңғы 5 жылда тұрғындарды алдайтын қаржы пирамидаларының саны айтарлықтай өсті. Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Нұржан Ашиханов елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте олардың қызметін қалай анықтап, жолын кесу қалай жүретін туралы айтып берген. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар инвестициялардың жоғары пайызын уәде етіп, салымшылардың ақшасын қабылдайды. Ал шын мәнінде, бұл қаржы ешқайда салынбайды, уәде етілген пайыздар жобаның жаңа қатысушылары әкелетін ақшадан төленеді.
Олар қабылданған ақшаның бір бөлігін пайда ретінде алады. Алайда, ерте ме, кеш пе, схема жұмысын тоқтатады, ал жаңа салымшылардан ақша пайыздарды төлеуге жетпейді.
Қаржы пирамидасының негізгі белгілерін атап өтті:
Астана қаласының ІСБ ұсынған материал
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз