- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Фейк жасап, өздерін...
Фейк жасап, өздерін мемлекеттік органдардың басшысы ретінде таныстырады: полиция астаналықтарға алаяқтар туралы ескертті
Астана қаласының Полиция департаментінде алаяқтардың мессенджерлерде жалған аккаунттар құрып, өздерін мемлекеттік, квазимемлекеттік және басқа да ірі коммерциялық мекемелердің басшылары ретінде таныстырып, адамдарды алдап соғатынын айтты, - деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Осылайша, құқық қорғау органдарының атынан ұйымдардың қызметкерлеріне сырттан тексеру жүргізілетіні туралы хабарланады.
"Алаяқтық схемаға сәйкес, олар өздерін ҰҚК қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, олардың банктік шоттары арқылы террористік ұйымдарды қаржыландыру фактісі анықталғанын хабарлайды, содан кейін қорқыту арқылы ақшаны банк шоттарына аударуды немесе қолма-қол ақшаны құқық қорғау органдарының қызметкерінің қолына беруді сұрайды. Осыған байланысты азаматтардан абай болуды, белгісіз абоненттік нөмірлермен диалогқа түспеуді, сондай-ақ ешбір жағдайда белгісіз банктік шоттарға ақша аудармауды және бөгде адамдарға бермеуді сұраймыз. Барлық күдікті фактілер туралы дереу полицияның "102" нөміріне хабарлауды сұраймыз", - делінген ПД хабарламасында.
Айта кетейік, биыл елорда аумағында 2500-ден астам интернет-алаяқтық тіркеліп, 505 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.
Азаматтарға келтірілген залал 2 млрд теңгеден асады. Қазақстанда соңғы 5 жылда тұрғындарды алдайтын қаржы пирамидаларының саны айтарлықтай өсті. Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Нұржан Ашиханов елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте олардың қызметін қалай анықтап, жолын кесу қалай жүретін туралы айтып берген. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар инвестициялардың жоғары пайызын уәде етіп, салымшылардың ақшасын қабылдайды. Ал шын мәнінде, бұл қаржы ешқайда салынбайды, уәде етілген пайыздар жобаның жаңа қатысушылары әкелетін ақшадан төленеді.
Олар қабылданған ақшаның бір бөлігін пайда ретінде алады. Алайда, ерте ме, кеш пе, схема жұмысын тоқтатады, ал жаңа салымшылардан ақша пайыздарды төлеуге жетпейді.
Қаржы пирамидасының негізгі белгілерін атап өтті:
- қолма-қол ақшаның нақты сомасын инвестициялау қажеттілігі;
- үлкен пайыздар мен инвестицияланған ақшаны тез қайтаруға уәде беру;
- төлем алу үшін таныстарыңызды тарту керек, сонда олар да өз қаражаттарын сол жерге салады;
- жоба "ноу-хау" ретінде беріледі;
- компания қаражат жинау қарсаңында тіркелген, оның ең төменгі жарғылық капиталы және жалғыз құрылтайшысы бар. Айта кетейік, компанияның тіркелуін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында "салық төлеушілерді іздеу" сервисі арқылы тексеруге болады.
- Әлеуметтік желілердегі белсенді, үгіттеу жарнамасы, түрлі презентациялар, сыйлықтар, жолдамалар, ұтыс ойындары, парақшаларды жаппай тарату, пошта және e-mail таратылымдары;
- шартта жауапкершілік белгіленбеген;
- компания "микроқаржы ұйымымен", "кредиттік бюромен", "антиқарыз бағдарламасымен", "қаржы қызметтері орталығымен" қамтылуы мүмкін;
- қолма-қол ақшаны қабылдайды немесе банктерде арнайы есеп айырысу компанияларын қолданбай интернет-төлемдер мен аударымдардың әртүрлі жүйелерін пайдаланады;
- Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің азаматтардан ақша тартуға лицензиясы жоқ.
Астана қаласының ІСБ ұсынған материал
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина