Желіде Ақтаудың әуеден түсірілген видеосы қызу талқыланып жатыр. Бейне авторы мән-жайды айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нұркен дрон ұшырып, Ақтауды шамамен 1000 метр биіктіктен видеоға түсірген. Жігіттің өзі осы қалада дүниеге келгенімен, жақында Астанаға көшіп кеткен. Оның айтуынша, ол видео түсірудің әртүрлі әдістерін жиі қолданып, тәжірибе жасайды.
Бейнеролик әлеуметтік желілерде талқыланып жатыр, ал кейбіреулер "кадрдағы айдың бейнесі түсініксіз" екенін айтқан.
"Каспийдің інжу-маржаны, бұл қаланы жақсы көремін", "Дрон қандай керемет түсірген", "Бейне өте әдемі, бірақ ай түсініксіз", "Ай өте түсініксіз", "Бұл фейк пе?" – деп жазды адамдар пікірде.
Нұркен монтаж кезінде кадрға "айды қойғанын" мойындады. Оның айтуынша, бейненің түпнұсқасы мынадай. Ол айдан басқасының бәрі түпнұсқа екенін айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!