"YDD Corporation" ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі желіде тараған бейнеге ресми түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Зауыттың алыста орналасуына және шұғыл көмекті барынша тез көрсету қажеттілігіне байланысты алғашқы көмекті көрсетіп, зардап шеккендерді зауыттың кезекші көлігімен ауруханаға жеткізу туралы шешім қабылданды. Кезекші көлік зардап шеккендерді Х. Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізді.
Жұмысшыларға барлық қажетті алғашқы шұғыл және амбулаториялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, компания қажетті медициналық көмекті көрсету үшін Ресейдің Вишневский атындағы орталығынан күйіктерді емдеудің үлкен тәжірибесіне ие ең жақсы дәрігерлер тобының арнайы ұшақпен қысқа мерзімде келуін ұйымдастырды. Олар біздің дәрігерлермен бірге жұмыс жасайды. Бұған қоса, Түркия мен Израиль дәрігерлерімен бейнекеңес ұйымдастырылды", - делінген "YDD Corporation" баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске салайық, Желіде ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендердің видеосы тараған болатын. Кейінірек төтенше жағдайға қатысты жаңа мәлімет белгілі болды.
Ферроқорытпа зауытында зардап шеккен жұмыскердің ата-анасы сұхбат берді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз