Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытының сегіз жұмысшысы кенеттен пештен шыққан жалынның салдарынан қатты күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі бүгін қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Дәрігерлер сегіз науқастың алтауының жағдайын өте ауыр деп отыр.
"Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, Қарағанды ферроқорытпа зауытында зардап шеккен жұмысшыны аман алып қала алмады. 1993 жылы туған, денесінің 85 пайызы күйіп қалған, осы уақытқа дейін өте ауыр жағдайда болған науқас қайтыс болды. Марқұмның жақын туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Желіде ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендердің видеосы тараған еді. Кейінірек төтенше жағдайға қатысты жаңа мәлімет белгілі болды.
Ферроқорытпа зауытында зардап шеккен жұмысшының ата-анасы сұхбат берді. Сондай-ақ, зардап шеккендерді емдеуге шетелден дәрігерлер келетіні белгілі болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!