Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған апаттан кейін тағы үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы компания өкілдері хабарлады.
"Өкінішке қарай, бүгін ауруханада біздің әріптестеріміз - технолог Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы, балқыту цехының механигі Адамчук Дмитро және бас механик қызметінің шебері Жетпісбаев Төлеген Елеуұлы қайтыс болды. Әріптестеріміздің отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз", - дейді компания өкілдері.
Компания мәліметінше, қаза тапқандардың жақындарына ауыр кезеңнен өтуге қолдан келгеннің бәрі жасалады.
Бүгінгі таңда компания жерлеуді ұйымдастыру, ас өткізу және мазар салу бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады, сондай-ақ отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді.
Атап айтқанда, компания келесі міндеттемелерді атқарады:
Сондай-ақ YDD Corporation барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді жалғастырып, осылайша әріптестеріміздің мүмкіндігінше тезірек өз отбасыларына оралуларына жағдай жасайды.
Еске салайық, Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытының сегіз жұмысшысы кенеттен пештен шыққан жалынның салдарынан қатты күйік алып, ауруханаға жеткізілген болатын.
Бұған дейін, 22 шілдеде зардап шеккен бір науқастың қайтыс болғанын хабарлаған едік. Ал 24 шілдеде денесінің 90 пайызын күйік шалған 1999 жылы туған науқас қайтыс болғаны белгілі болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!